Жарияланды: 150

Ханшатыр қызметкерлері: Біз мүгедек балаларды тегін ойната алмаймыз

Ханшатыр қызметкерлері: Біз мүгедек балаларды тегін ойната алмаймыз Сурет - Weproject.kz

«Жоқ біз мүгедек балаларды тегін ойната алмаймыз»

Facebook әлеуметтік желісінің Кимет Есенәлі атты қолданушысы шет елдерде мүгедектерге жағдай жасап, тегін ойнатуға мүмкін бергенін айтты. Ал Астанадағы "Ханшатыр" қызметкерлерінің ондай мүмкіндік бермегеніне қапаланды.

"Бүгін балаларымызды алып Хан шатырға қыдыртуға келген едік, өзіміз осында балалармен өте сирек келеміз. Балаларымыз мүмкіндігі шектеулі жандар болғандықтан аттракциондарда балапандарымызды тегін ойнатуға өтініш білдірген едік, бірақ Шырайлым мен Айгүл атты қызметкерлері «Жоқ біз мүгедек балаларды тегін ойната алмаймыз» - деп шығарып салды. Аттракциондар бос тұр, адам мүлде жоқ, бір-екі адам балаларын ойнатып жүрді, сол балалармен үш баланы қосып жіберсе Хан шатырдың аттракционы кедейленіп, орасан шығынға түсіп кете ме екен?! Біз баламызды арқалап емдейміз деп талай елге алып барған кездеріміз болды, шетелдің өзінде балаларымызды мұражай, аттракциондарға тіпті құжатта сұрамай «Сіздің балаларыңызға тегін» - деп ешбір мәселе туғызбай кіргізеді, ал өз елімізде құбыжықтай көріп,кіргізбей қуып жібереді. Алысқа кетпей Ресей, Түркия елдерінде керемет мұражайларға балаларымызды тегін кіргізіп тамашалаған едік, біз тіпті ол елдің азаматы да емеспіз. Балам жеті жаста, шын айтсам осылай Хан шатырына келіп «тегін ойнатсаңыз бола ма» деп сұрағаным алғаш рет еді", - деп жазды оқырман.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін