Жарияланды: 800

Ханзада Эндрю ҚР энергетика және минералды ресурстар министріне Қазақстандағы тастанды газдар туралы баяндаманы таныстырды

25-қыркүйекте, Астанада Йорк герцогы, ханзада Эндрю ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьникпен кездесуде Қазақстандағы тастанды газдар туралы баяндаманы таныстырды,- деп хабарлайды климат өзгерісі жөніндегі Үйлестіру орталығынан .

Бұл баяндама Ұлыбритания- Қазақстан бірлескен "Қазақстандағы тастанды газдар мөлшерін азайту үшін ұлттық жүйені инстуционалдық нығайту " деп аталатын екі жылдық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жасалып отыр. Ұлыбритания жағынан жобаға Ұлыбритания үкіметі мен Шелл, Бритиш Петролеум және Бритиш Газ компаниялары, ал Қазақстан жағынан республика үкіметі мен климат өзгерісі жөніндегі Үйлестіру орталығы қатысты . Жобаны еліміздің бірқатар министрліктері, жетекші сарапшылары мен мамандарынан құралған арнайы жұмыс тобы жүзеге асырды. Бюджеті 150 мың долларды құраған бұл жобаның басты мақсаты - тастанды газдар мөлшерін азайтуға бағытталған нақты қадамдарды қамтамасыз ету, бұл саладағы ең тиімді жаңа технологияларды қолдану, орны толтырылатын энергетикалық ресурстарды пайдалану болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін