Жарияланды: 30

«Харекет» қоры тағы бір ақтөбелікке пәтер сыйлады

«Харекет» қоры тағы бір ақтөбелікке пәтер сыйлады

Ақтөбе қаласының тұрғыны, І топ мүгедегі Манас Қалмағанбетовке «Харекет» қоры үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Осыған дейін аталған қор 65 үй берген.

Қор жұмысы «1000 теңгеге баспана» ұранымен бастау алып, мұқтаж жандарға баспана сыйлап келеді.

Ақтөбе облысы бойынша беріліп жатқан төртінші үй І топ мүгедегі Манас Қалмағанбетовке бұйырды. Отбасында сырқаттанған екі баласы бар әке осыған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген. Қиын кезде қолын созған қор ұжымына үлкен алғысын жеткізді.

Үш бөлмелі пәтер Ақтөбе қаласынан берілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін