Жарияланды: 4200

Хиджап киген қыз-келіншектер неге мұсылмандықты масқаралай береді?

Хиджап киген қыз-келіншектер неге мұсылмандықты масқаралай береді?

Соңғы кездері хиджап киген қыз-келіншектердің мұсылмандыққа жат қылықтарын көрсететін видеолар мен ақпараттар көбейіп жатыр. Олар біресе төбелеседі, біресе балаларын өлтіреді, біресе ерсі музыкаға билейді. Сөйтіп, ислам дінін масқаралауда.

Жақында ғана хиджап киген қыздың жыныстық қатынаспен айналысқан видеосы тарады. Онда қыз креслода бір жігіттің алдында ырғалып отырады.

Caravan.kz медиа-порталы соңғы жылдары көбейіп кеткен осындай мұсылмандыққа жат қылықтардың біразына тоқталғанды жөн көрді.

Баланы автобуста тастап кеткен , 2014 жыл

Мұсылман киіміндегі әйел Астанадан Шымкентке бара жатқан автобуста баланы тастап кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бүлдіршін хиджап киген бір келіншектің қасында болыпты. Әйел Шу ауданындағы жанар-жағармай бекетінде автобустан түсіп, ізім-ғайым жоқ болған.

Дубайда жезөкшелікпен айналысқан, 2015

Қазақстандық 35 жастағы әйелдің негізгі табыс көзі жезөкшелік болыпты. Ол Дубайда хиджап жамылып алып, адамдарға сексуалдық қызмет ұсынған. Кейін оған іздеу жарияланып, туған елінде ұсталды.

Екі қызын терезеден лақтырған, 2015 жыл

Алматыда хиджап киген келіншек екі қызын бесінші қабаттағы терезеден лақтырып жіберіп, артынан өзі секіріп кеткен. 8 жастағы қызы қаза тапса, кішкентай сәбиі мен өзі ауруханаға жеткізілді. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, үлкен қызы жан ұшырып, терезенің ернеуіне жабысып алған екен. Бірақ анасы пышақ сілтеп, оны құлатып жіберген.

Екі әйел төбелесіп қалды, 2017 жыл

Астанада екі әйел төбелесіп қалды. Олардың бірі хиджапта болған. Қасында тұрған еркектер әйелдерді ажыратуға тырысыпты. Бұл оқиғаның видеосы Instagram-да жарияланды.       

Автобуста жолаушылар бір-бірімен төбелескен, 2017

Алматыда автобустың ішінде бір қыз терезені жапқысы келген. Бірақ хиджап киіп алған әйелдер ыстықтап тұрғанын айтып, терезені жапқызбаймыз дейді. Содан ұрыс шығып, олардың бірі қызды бетінен жұдырықпен ұрған.

Ерсі музыкаға еліріп билеген, 2017

Уйдо бук болгондо, эч ким жок жерге, талаага алып барып, бийлетип коюш керек экен😊

Posted by Чинара Осмонкулова on Monday, July 17, 2017

Әлеуметтік желіде хиджап киген қыздың бұралаңдап билеп тұрған видеосы кеңінен таралды. Ал желі қолданушылары бұл тұрғыда түрлі пікір білдірген болатын. Кейбіреулер мұны ерсі санаса, енді біреулер оның түк оғаштығы жоқ деді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін