Хирург мінсіз сұлулыққа ие әйелдің кім екенін атады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хирург мінсіз сұлулыққа ие әйелдің кім екенін атады

Хирург мінсіз сұлулыққа ие әйелдің кім екенін атады

Палестинадан шыққан америкалық супермодель Белла Хадидтің бет-әлпеті мінсіз деп танылды. 

  • 16 Қазан 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Лондондағы косметикалық және пластикалық хирургия орталығының басшысы Джулиан Де Сильва 23 жастағы Белла Хадидтің бет-әлпетін мінсіз үлгі көрсеткішімен салыстырды. Нәтижесінде супермодельдің пропорциялары мінсіздікке 94,35 пайыз жақын болып шықты. 

Хирургтің рейтингінде бірінші орынды еншілеген Хадидтен бөлек, өзге де танымал тұлғалардың бет-әлпеті тексерілген. Осылайша, әнші Бейонсе 92,44 пайызбен екінші орынға, ал актриса Эмбер Херд 91,85 пайызбен үшінші орынға жайғасты. Мұнан кейінгі орындардан әнші әрі актриса Ариана Гранде (91,81), кантри-поп орындаушысы Тейлор Свифт (91,64) және супермодель Кейт Мосс (91,05) көрінді.

Сондай-ақ, аталған тізімге актрисалар Скарлетт Йоханссон (90,91) және Натали Портман (90,51) енді. Тізімді әнші Кэти Перри (90,08) мен топ-модель Кара Делевинь (89,99) аяқтады.