Хирургтар ота жасау кезінде 2 жасар баланы өртеп жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хирургтар ота жасау кезінде 2 жасар баланы өртеп жіберген

Хирургтар ота жасау кезінде 2 жасар баланы өртеп жіберген

Ресей Федерациясының Ишим қаласында орналасқан №4 ауруханада дәрігерлердің қатесі салдарынан төтенше жағдай орын алды.

  • 18 Қараша 2015
  • 402
Фото - Caravan.kz

2 жасар пациенттің папилломасын алып тастау отасын жасау кезінде электр құралынан ұшқын шығып, бүлдіршіннің астында жатқан спирт сіңген майлық жана бастады.

«Хирург дәрігердің жол берген бұзушылықтары салдарынан кішкентай жастағы пациент оң жақ құлағы мен бетін 1-2 дәрежелі термиялық күйіктер шалған», — деп баяндады РФ-ның Түмен облысы бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметінен.

Ишим ауданаралық тергеу бөлімінің өкілдері алаңғасар дәрігердің үстінен «Өмір мен денсаулық қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер көрсету» бабы бойынша іс қозғады. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады шетелдік БАҚ.