Хит сурет: Анаға арқасын тосқан сарбаз қанша адамға көмектескені жайлы шындықты айтты (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хит сурет: Анаға арқасын тосқан сарбаз қанша адамға көмектескені жайлы шындықты айтты (видео)

Хит сурет: Анаға арқасын тосқан сарбаз қанша адамға көмектескені жайлы шындықты айтты (видео)

Күні кеше Арыстың тұрғындарын жоғары жылдамдықтағы көлікке арқасын аяқ астына тосып мінгізген сарбаздың суретті жұртқа ерекше ұнап қалды.

  • 27 Маусым 2019
  • 262
Фото - Caravan.kz

Көпшілік сарбаздың әрекетіне сүйсінгенін жарыса жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар комитетінің лейтенанты Бексұлтан Ибадуллаев Арыстағы эвакуация кезінде 15 шақты адамды аяғына арқасын тосып, көлікке мінгізген. Десе де, оның өзі қанша адамға осылай көмектескенін білмейтінін айтады.

«Біздің негізгі міндетіміз – адамдарды құтқару. Бізге шақырту түскен кезде адамдарды жоғары жүрісті техникамен қауіпсіз аймаққа көшіру үшін бардық. Сол кезде уақытты үнемдеу үшін адамдарды жылдам тасымалдау қажет болды. Сол себепті еңкейіп, арқамды тостым», — дейді ол.

Әрі қарай Бексұлтан Ибатуллаев арқасынан өткен адамдарға қатысты еш ақпарат білмейтінін, тіпті, қанша адамға осылай жасағанын санамайтынын жеткізді.

«Апайлардың аттарын білмеймін. Неше кісі екенін біздегі үлкен бастықтар санайды. Көп болды, бұл кісі жалғыз емес. Жалпы екі техникамен екі мәрте барып қайттық», — дейді ол.


Еске сала кетсек, 24 маусымда Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде төтенше жағдай жариялады. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланды.

Соңғы жаңалықтар