Жарияланды: 50

Хиттың хитын жасап тастағанмын - Қайрат Нұртас

Хиттың хитын жасап тастағанмын - Қайрат Нұртас

Қайрат Нұртас жақын арада хит әндері жарық көретінін хабарлап, хит деп жүріп ит болмайық деген ақыл айтты.

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртас хиттың хитын уақытында жасағанын айтып, бұйырып тұрса, кез келген әннің танымал болып шыға келетінін жеткізді. Әншінің айтуынша, хит көпшіліктің таңдауы, ал талғамға талас жоқ. 

"Маған соңғы кезде "xитың жоқ" деп жазатындар көбейіп кетті. Кейде ойлап қоямын "xит, xит деп, ит болып кетпейік" деп... А так xиттың xитын жасап тастадық қой. Айналып келгенде бұйырған қашпайды... Ең бастысы - жаныма жақын әндерім, өтетін адамға өтіп жатыр, тыңдалып жатыр. Жақында тағы да жаңа әндерім жарық көреді, әзірге мына әндерді тыңдай тұрыңыздар!" - деп жазды әнші.

Жаңа туындыларын халыққа ұсынуға дайындап жатқанын айтқан Қайрат Нұртас әнін желіге жүктеп, авторларға алғыс айтуды да ұмытпады.

"Бала күннен айтқым келген "Аңсарым" әнін Құрмаш ағамның рұқсатымен орындап шықтым. Рақмет, аға! Одан кейінгі "Кешірейін" және "Мендей кім?" атты әндерімді жазып берген бауырларыма рахмет айтамын!" - деп алғыс білдірді Қайрат Нұртас.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін