Хорватияның экс-премьері сыбайластық үшін 10 жылға сотталды
Хорватия үкіметінің бұрынғы жетекшісі Иво Санадер сейсенбіде 10 жылға сотталды, деп хабарлады хорватиялық ХРТ телерадиокомпаниясы. Олардың мәліметтеріне қарағанда, оған қызмет бабын асыра пайдаланды және пара алды деген айып тағылған. И.Санадер кінәсын мойындаған жоқ, бұл процестің саяси астары бар, деп атады. Ол сот залынан "Реметинац" түрмесіне жіберілді. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін