Киевте "Елбасы. Тәуелсіздік шежіресі" фильмінің алғашқы сериясы көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Киевте "Елбасы. Тәуелсіздік шежіресі" фильмінің алғашқы сериясы көрсетілді

Киевте "Елбасы. Тәуелсіздік шежіресі" фильмінің алғашқы сериясы көрсетілді

Украина астанасында 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы. Тәуелсіздік шежіресі» деп аталатын, «Хабар» агенттігі шығарған деректі фильмнің бірінші бөлімінің көрсетілімін Қазақстанның Елшілігі Киевте ұйымдастырды.

  • 2 Желтоқсан 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Украинадағы ҚР Елшілігі хабарлады. 

Көрсетілімге қазақ диаспорасының, қазақ бизнесінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, дипломаттар, Қазақстанның украиналық достары қатысты.

Көрсетілімнің алдында Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, Елбасының еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы және Қазақстанның әлемдік аренада танылуындағы рөлін атап өтті.

Жалпы 15 бөлімнен тұратын фильм 1991 жылдан бүгінгі күнге дейін елде болған оқиғалардың барлығын хронологиялық түрде қамтиды.

Бірінші бөлім «Тарих тоғысында» деп аталады және көрерменге 1991 жылы туралы баяндайды, бұл кезде еліміздің ұлы өзгерістердің басы — тәуелсіздік алып, қуатты және біртұтас егемен Қазақстан құру басталды. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тағдыры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен тығыз байланысты.

Көрсетілім Киевте ашылған қазақстандық «Kinopark» желісінің кинотеатрында өтті.

Соңғы жаңалықтар