Жарияланды: 480

Киевте лаңкестік, заңсыз есірткі тасымалы және қылмыспен күрес мәселелері талқыланады

Бүгін, 8-сәуірде Киевте ТМД елдері сыртқы істер министрлері Кеңесінің, Бас прокурорлар, кеден және салық қызметтері басшылары Үйлестіру кеңесінің, ішкі істер министрлері кеңесінің, арнаулы қызмет және қауіпсіздік органдары жетекшілерінің, Достастық шекара әскерлері қолбасшыларының бірлескен отырысы өтеді. Шараға Достастық елдерінің мүдделі министрліктері мен мекемелерінің, сондай-ақ, БҰҰ және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының

өкілдері қатысады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Душанбе қаласынан. Тәжікстан Республикасы СІМ-нің ақпарат департаментінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, отырысқа осы елдің сыртқы саясат мекемесінің атынан Тәжікстан СІМ-нің орынбасары Абдунаби Сатторов қатысады. Сондай-ақ, шараға ТР бас прокуроры Бободжон Бобохонов, Турсун-заде қалалық прокуроры Хомиджон Маджидов, Тәжікстан ішкі істер министрі Хумдин Шарипов, Тәжікстан қауіпсіздік министрінің орынбасары Акрам Амонов, Тәжікстан үкіметінің жанындағы мемлекеттік шекара қорғау жөніндегі Комитетінің төрағасы Абдурахмон Азимов, осы комитеттің халықаралық қатынас басқармасының бастығы Эркинбой Тоджибоев, сондай-ақ, қорғаныс министрлігінің, Тәжікстан президентінің жанындағы есірткіге бақылау қою жөніндегі агенттігінің , республиканың кеден және салық органдарының өкілдері қатысады. Тәжікстан бас прокуратурасындағы ақпарат көзінің хабарлауынша, бас қосуда басқа проблемалармен бірге мемлекеттердің құқық қорғау мекемелері арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек саласындағы ынтымақтастығына және құқықтық -нормативтік реттеуге қатысты мәселелер талқыланады. Кеңеске қатысушылар халықаралық лаңкестік, заңсыз есірткі тасымалы және қылмыспен күрес саласындағы бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы талқылайды. Отырыс қорытындысы бойынша ортақ мәлімдеме қабылдау көзделген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін