Киевте Қазақстан Елшісінің Украинаның экс-Президентімен кездесуі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Киевте Қазақстан Елшісінің Украинаның  экс-Президентімен кездесуі өтті

Киевте Қазақстан Елшісінің Украинаның экс-Президентімен кездесуі өтті

2020 жылы 12 наурызда Киевте Қазақстан Республикасының Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның экс-Президенті Леонид Кучмамен кездесті.

  • 13 Наурыз 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. 

Елші Л.Д.Кучмаға Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жылы сәлемін жеткізді. Сонымен бірге, ол Қазақстан мен Украинаның екі аса көрнекті көшбасшылары достық қазақстандық-украиналық қатынастардың берік негізін қалағанын атап өтті. Осы тұрғыда үстіміздегі жылғы 5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының — көшбасшылық феномені» атты халықаралық конференциясына шақыруды растады.

Л.Д.Кучма шақыруды ризашылықпен қабылдады және ол Н.Ә.Назарбаевты тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде беделге ие ұлы тұлға деп санайтынын атап өтті. Ол
Нұрсұлтан Әбішұлымен бірге Қазақстан-Украина қатынастарын дамыту
жолында жемісті жұмыс атқарғанын, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірқатар жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, сондай-ақ Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты реттеу бойынша бейбітшілік үдерісінің барысы туралы пікір алмасты.

#дархан қалетаев
Соңғы жаңалықтар