Жарияланды: 190

Ким Чен Ынның өз елін қысқы олимпиадаға қатыстырмақ ойы бар

Ким Чен Ынның өз елін қысқы олимпиадаға қатыстырмақ ойы бар

Корея Халық Демократиялық Республикасы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына ұлттық құрамасын жіберуі мүмкін.

Бұл жайлы дүйсенбі күні жаңажылдық жолдауында мемлекет басшысы Ким Чен Ын мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар 24".  

Сондай-ақ Ким Чен Ын Корея Республикасымен қарым-қатынастарды жақсарту қажеттігін айтты. КХДР Олимпиадаға қатысу үшін өтініш берілетін соңғы мерзімнен кеш қалды. Дегенмен, қаңтардың ортасына дейін өз спортшыларын жіберуге қосымша мүмкіндігі бар.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін