«Кім миллионер болғысы келеді?» шоуына қатысушы Ангела Меркельдің көмегіне жүгінді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кім миллионер болғысы келеді?» шоуына қатысушы Ангела Меркельдің көмегіне жүгінді

«Кім миллионер болғысы келеді?» шоуына қатысушы Ангела Меркельдің көмегіне жүгінді

«Кім миллионер болғысы келеді?» телеойнына қатысушы неміс саясаткері тікелей эфирде көмек алу үшін Германия канцлері Ангела Меркельге қоңырау шалды.

  • 12 Маусым 2014
  • 631
Фото - Caravan.kz

Алайда өкінішке орай, оның қоңырауына ешкім жауап қатпады, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Меркель басқаратын ХДС/ХСС партиясы атынан депутаттыққа өткен Вольфганг Босбах ГДР-де жасалған кір машинасының атауына қатысты сұраққа жауап бере алмағаннан кейін «дос көмегіне» жүгінген болаты. Ол тікелей эфирде екі мәрте федеральдық канцлердің телефон нөмірін тергенімен, оған қарсы жақтан автожауап қайтарғыш тіл қатты.

Дегенмен телебағдарлама аяқталғанға дейін Босбах А.Меркельден қоңырау шалғанын кезде жауап бере алмағаны үшін кешірім сұраған SMS хабарлама алып үлгерді.