«Кімді алдап жүрсің, Құралай ханым?»: Анна Құдиярова өздерін психолог деп атайтындар туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кімді алдап жүрсің, Құралай ханым?»: Анна Құдиярова өздерін психолог деп атайтындар туралы

«Кімді алдап жүрсің, Құралай ханым?»: Анна Құдиярова өздерін психолог деп атайтындар туралы

Анна Құдиярова психологиялық тренингтер өткізіп жүрген коучтер адамның жанына жара салатынын айтты.

  • 29 Қараша 2019
  • 352
Фото - Caravan.kz

Алайда, мұндай коучтердің қоғамда болғаны да дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

«Өзін-өзі коуч, психолог деп атаған адамдар косметикалық жөндеу жұмысын жүргізесіздер. Ал бізге келген адамдар бірең-сараң. Бірақ олар басқа деп келеді. Сонда біз түбегейлі оның санасын өзгертуге көмектесеміз. Бірақ өзгертетін әрине тұлғаның өзі», – дейді Анна Құдиярова New Old Qazaqtarютуб-каналына. 

Ал Құралай ханым өзін психолог санамайды. Тек коуч-тренер екенін алға тартты.

«Мен 2000 жылы өзім қатты қиналдым. Қазақтардан іздедім психологтарды. Сізге бардым қанша рет. Сізге жете алмадым. Сіз қолжетімсіз болдыңыз. Содан кейін Мәскеудің коучтарын оқыдым. Күнде барып солардың сабағын оқымасам да вебинарларын тыңдап, кітаптарын оқып, жұмыс дәптерлерін оқыдым. Өзім зерттедім, санама кіргіздім. Мысалы, балалы бола алмай жүрген едім. балалы болдым. Түпсанаммен жұмыс істедім. Байығым келді. Бизнесімді де аштым», – дейді Құралай ханым.


Оның айтуынша, өзінен нәтижесінен көргеннен кейін семинар-тренинг өткізуді бастапты.
 

Соңғы жаңалықтар