«Кімнен?»: Жүкті Алма Аманжоловаға күйеуі баланың өзінен емес екенін айтқан - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кімнен?»: Жүкті Алма Аманжоловаға күйеуі баланың өзінен емес екенін айтқан

«Кімнен?»: Жүкті Алма Аманжоловаға күйеуі баланың өзінен емес екенін айтқан

Жүкті Алма Аманжоловаға күйеуі баланың өзінен емес екенін айтқан.

  • 16 Қазан 2019
  • 83
Фото - Caravan.kz

Әнші Алма Аманжолова жүкті екенін күйеуіне айтқанда өзінен емес деп ойлаған. Өйткені ол бірнеше жылдар бойы құрсақ көтере алмай келіпті., деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Оңай емес»бағдарламасына сілтеме жасап. 

Айтуынша, дәрігерлер оның алдында оған бедеулік диагнозын жазып берген екен.

«Бала сүйгіміз келеді, бала жоқ. Бірінші бала мен екіншінің ортасы он үш жыл. Дәрігерлер маған енді бала көтере алмайсың деген болатын. Содан кейін біз бала туралы әңгіме айтпайтын болған едік. Ал оған дейін күйеуім «Сен еркіндікті қалап, өнер қуып жүрсің. Сол үшін дәрі ішіп сақтанып жүрсің» деп қинайтын. Менің де бала сүйгім келетін», – дейді Алма Аманжолова.

Алғаш өзінің жүкті екенін білгенде сене алмапты. Тіпті күйеуі бала өзінен емес деп ойлаған. 


«Төбемнен жәй түскендей болды. Сөйтіп күйеуіме хабарласып, үйге келдім. Жүкті екенімді көрсеткенімде «кімнен?» деп сұрады. Өйткені ол «бала менен болуы мүмкін емес» деп ойлаған. Бірақ мен оған баланың кімнен екенін өзім жақсы білетінімді және маған бала керек екенін айттым. Ары қарай тағы да үйден кетіп қалдым. Оны ойлансын деп, өз-өзімен қалдыруға шештім. Екі-үш күннен кейін «егер бала менікі болса, бүгін үйде отырасың. Егер келмесең ары қарай жоқ боп кет» деді», – дейді әнші.

Соңғы жаңалықтар