Кинотеатрларда қазақ тілі өгейдің күнін кешуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кинотеатрларда қазақ тілі өгейдің күнін кешуде

Кинотеатрларда қазақ тілі өгейдің күнін кешуде

Мазақ болған қазақ тілі.

  • 23 Мамыр 2019
  • 121
Фото - Caravan.kz


Бұл күнде кинотетарға барып, шет тілдегі фильмдерді мемлекеттік тілде субтитрмен көретін болсаңыз еріксізден дәл осындай байламға келесіз. Грамматикалық қателер өз алдына, қарапайым сөйлемнің құрылымы жаға ұстатады. Осыдан жарты жыл бұрын әріптесім Айбек Қосан кинотеатрлардағы қазақша сеанстар мен тіл мәселесін қозғап еді. Одан бері "Кинематография туралы" заң қабылданды. Ал проблема қаз-қалпында тұр. "Баяғы жартас, сол жартас". Неге?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Жыл басында тіл жанашырлары асыға күткен "Кинематография туралы" заң қабылданған еді. Онда кинотеатрлардың кіреберісінен аса алмай жүрген мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қатысты тайға таңба басқандай былай деп анық жазылған: 

"Ұлттық фильмдер прокатқа қазақ тілінде шығуы тиіс, қажет болғанда басқа да тілдерде шығады. ҚР территориясындағы кинозалдарда фильмдердің прокаты және көрсетілімі қазақ тіліне аударылуы керек немесе субтитрлары болуы қажет. Немесе кадр сыртында қазақ тіліне аударылуы тиіс, тек бұл тізімге прокаты шектеулі фильмдер кірмейді".

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «КИНЕМАТОГРАФИЯ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНАН ҮЗІНДІ

Заңға сәйкес, енді шетелден келетін фильмдерге қазақша субтитр жазылатын болды. Алайда, бұл заң мемлекеттік тілдің кино саласындағы мүшкіл жағдайын жақсартқан жоқ. Көңілсіз жұмыс пен көзбояшылық ұрып тұр. Керісінше, жығылғанға жұдырық болып тиюде. Сенбесеңіз, сапасына зер салыңыз. 

«Баруға немесе бармауыңызды шешеңіздер». Шешеңіздер? Бұл не сөз? Дәл осылай аударуға кімнің миы жеткен? 

«Кинотеатрдан көріп жатқан дүние ол қылмыс! Ол нағыз тілге деген қиянат! Келген адамға деген қиянат!».

Сұрақ көп. Дубляж режиссері Шахмұрат Ордабаев кінәрәтты заңнан іздеп қажет емес дейді. Заң дұрыс, бірақ оны іске асыру ақсап жатыр екен.  
ШАХМҰРАТ ОРДАБАЕВ, ДУБЛЯЖ РЕЖИССЕРІ, ТЕАТР АКТЕРІ:

«Заңның қателігі емес. Меніңше, ол — орындаушылардың қателігі. Субтитр заманы ол, өкінішке орай, өтті. Субтитрдың шығу тарихы ең басында кино өнері туған кезде дыбыс жазу мүмкіндігі болмағандықтан белгілі бір сахналар субтитр арқылы түсіндірілген болатын. Бара-бара дыбыс қосылды, техника алға басты». 

Бұл аз десеңіз мынаны қараңыз: «Сенің қорларыңа жататын өлтіру құралы бар». «Өңірді бірнеше бытыраңқы банда басқарады».

Бұл — «Время возмездия» фильмінің аудармасынан бірер мысал. Кинодағы банда бұл шалажансар аударманы оқыса ұяттан жерге кіретін шығар.   

«Өзіміздің қазақ тілінде дұрыс аудара алмағаннан кейін, білмеймін енді, ар жағын».

«Алғашқы сеанстар болғаннан кейін қате. Бірақ, 2-3 сеанстарда да қайталанып жатыр да. Сондықтан үлкен қате деп ойлаймын. Хотя бы бір рет тексеріп, кейін қайта өткізсе деп ойлаймын».
БАУЫРЖАН ШҮКЕНОВ, «АРМАН» КИНОЖЕЛІСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
«Арнайы аудармалардың дұрыс-бұрыстығын қадағалайтын орган жоқ. Бұл қандай да бір аумақта картинаны көрсететін автордың мәселесі. Әртүрлі тілден қазақшаға аударылып субтитрмен көрсетіледі. Елімізге жылына 300-ге жуық фильм келеді. Сондықтан қадағалау өте қиын». 

ШАХМҰРАТ ОРДАБАЕВ, ДУБЛЯЖ РЕЖИССЕРІ, ТЕАТР АКТЕРІ:
«Осындай талап болған екен деп амалсыздан біреуді қинап емес. Ол кинотетарлардың қызығушылығы болуы керек, және оларды орындайтын студиялардың қызығушылығы болуы керек. Сонымен қатар көрерменнің. Егер өзіміз талап етпесек, жалпы бұл жерде көрерменнің де кінәсі бар деп ойлаймын». 

БАУЫРЖАН ШҮКЕНОВ, «АРМАН» КИНОЖЕЛІСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
«Сонда бірде бір көрермен келген жоқ па сіздерге қате деп? Маған конкретно ешкім келген жоқ. Келетін болса, ол мәселені көтеріп, специалистерді шақырып, дистрибьюторды шақырып, өзіміз отырып көріп, нетуге болар еді. Ол спорный моменттер ғой негізі».   

«Қысқасы былай: Біріншіден, субтитрдағы қателіктер ешкімге керек емес, оны министрліктен бастап кинотеатрлардың өзі де тексермейтін болып тұр. Бұл — бизнес. Осымен әңгіме тәмам екен. Екіншіден қатені көріп, соны түсіріп алып шағым айтып, арыз жазып жатқан адам жоқ. Яғни, бірен-сараң интернетте жазғандары болмаса көрерменге де бәрібір көрінеді. Сонда, бұл қазақ тілі кімге керек?».  

Соңғы жаңалықтар