"Кіреберісте шешіндірген" Көкшетаулық жігіт түнде серуендеуге шыққан әйелді зорламақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кіреберісте шешіндірген" Көкшетаулық жігіт түнде серуендеуге шыққан әйелді зорламақ болған

"Кіреберісте шешіндірген" Көкшетаулық жігіт түнде серуендеуге шыққан әйелді зорламақ болған

Жәбірленушінің ұйқысыздық салдарынан түнде серуендеуге шыққаны белгілі болды

  • 17 Наурыз 2021
  • 213
Фото - Caravan.kz

Қылмысқа қарсы күресті күшейту, қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 12-18 наурыз аралығында Ақмола облысында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Caravan.kz порталы Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері әйел зорлауға оқталған күдіктіні анықтады. 13 наурызда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғынынан шамамен түнгі сағат 03.00-де белгісіз біреудің үйінің кіреберісінде күштеп киімін шешіп, зорлауға тырысқаны туралы арыз келіп түсті. Жәбірленушінің ұйқысыздық салдарынан түнде серуендеуге шыққаны белгілі болды. Көршілердің көмегінің арқасында әйел қылмыскердің құрығынан құтылуға мүмкіндік алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған Бурабай ауданының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.


Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 120-бабының 1-бөлігімен (Зорлауға оқталу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Соңғы жаңалықтар