Кіші Аралда балықтар жаппай қырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кіші Аралда балықтар жаппай қырылып жатыр

Кіші Аралда балықтар жаппай қырылып жатыр

Кіші Аралда балықтардың жаппай қырылуы орын алды. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің қызметкерлері 8 тамызға қараған түні сағат 3-тер шамасында жағаға ағып шыққан мыңдаған балықтың өлексесін анықтаған. Бұл туралы аталған комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook-парақшасында жазды.

  • 9 Тамыз 2017
  • 247
Фото - Caravan.kz

Оқиға орнында қазір арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия құрамында экологтар, ветеринария қызметінің өкілдері, ҚР ІІМ ТЖК, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының қызметкерлері бар. Әзірге балықтардың неден қырылғаны және қаншауы қырылғаны белгісіз.

"Себеп-салдарын айтуға әлі ертерек. Бірақ, Қызылорда облысында соңғы кезде күннің тым ысып кетуі және Көкарал плотинасына судың аз келуі балықтардың қырылуына себеп болуы әбден мүмкін. Алайда, нақты себебін мамандар анықтап жатыр", — дейді ҚР АШМ басқарма басшысы Нариман Жүнісов.

Қазір мамандар Көкаралдағы қалған балықтардың қырылмауы үшін алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар