«Кіші дәретімді іштім»: Түркияда 62 жастағы қария үйінді астында 8 күнде қалай аман қалғанын айтты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Кіші дәретімді іштім»: Түркияда 62 жастағы қария үйінді астында 8 күнде қалай аман қалғанын айтты (ВИДЕО)

«Кіші дәретімді іштім»: Түркияда 62 жастағы қария үйінді астында 8 күнде қалай аман қалғанын айтты (ВИДЕО)

Түркиядағы жойқын зілзала салдарынан аман қалғандардың таңғажайып оқиғалары әлі де орын алуда. Солардың бірінде 62 жастағы зейнеткер үйінді астында аман қалу үшін, тоңғанда өз зәрін ішкені айтылады.

  • 20 Ақпан 2023
  • 89
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz тілшісі хабарлайды.

Желідегі танымал ақпараттық парақшалардың бірінде қарияның сұхбат берген сәті пайда болды. Белгілі болғандай Хусейн Бербер үйінді астында 8 күн бойы жатқан.

«Мен қант диабетімен ауырғандықтан, үстелімде үнемі дәрілер тұратын. Сол жерде бөтелкеде су да тұрған. Жел сілкінісі басталған кезде, солардың бәрі маған қарай құлады. Сол суды ішіп болған соң, ұят та болсын айтайын, бөтелкеге кіші дәретімді сындырып, оны да іштім. Суықта соны ішіп, жаным қалған шығар», — деді зейнеткер.

Желі қолданушылары қарияға ұзақ ғұмыр тілеп, түрік ағайындардың қайғысына ортақпыз жеп жазды.

«Көрер жарығыңыз болып тұр, сіздер көргенді ешкімнің басына бермесін, Алла ғұмыр берсін сізге», «Түрік бауырларға тек сабырлық тілейміз, қандай қасірет еді», «Алла Тағала сіздерге сабырлық берсін, желіде түрлі видеоны көріп, жүрегіміз езілді, бәрі артта қалсын, енді Құдай тағала сіздерге мұндай нәубетті көрсетпесін» деп жазды олар.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда зілзадан қаза тапқандар саны 40 мыңнан асып кетті. 

Соңғы жаңалықтар