Яғни, айыпталушы алған парасының 50 есе мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бірақ жаза ақшаның көлемі мен оның не мақсатта алынғанына да байланысты. Мысалы, пара бопсалау, бір топ адамның алдын ала сөз байласуы арқылы және ірі көлемде бірнеше рет берілген болса, айыппұл 70 есе болады немесе 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ал аса ірі көлемде не қылмыстық топпен бірге пара алған адам 80 есе айыппұл төлейді немесе 10 жылдан 15 жылға дейін сотталады.