Жарияланды: 440

Кишиневте ТМД елдерінің шекара әскерлері қолбасшыларының Кеңесі бас қосады

Бүгін, 16-қыркүйекте Молдова астанасы Кишиневте ТМД елдерінің шекара әскерлері қолбасшыларының Кеңесі бас қосады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тәжікстан Республикасы үкіметінің жанындағы мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Алиназар Давлетмамадов хабарлады.

Аталмыш комитет төрағасы, генерал-лейтенант Абдурахмон Азимов осы кездесуге қатысу үшін бүгін Кишиневке аттанды. Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, кездесуде шекара әскерлерінің қолбасшылары Достастық елдері аумағына өтуші басқа елдер азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тізімге алудың біртұтас жүйесі туралы тәртіп жобасын талқыға салмақшы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін