Жарияланды: 910

KN-нің ізімен: Төреғали жеке киімдер топтамасын шығармақшы

KN-нің ізімен: Төреғали жеке киімдер топтамасын шығармақшы

Төреғали Төреәлі әріптесі Қайрат Нұртастың әрекеттерін қайталауды әдетке айналдырып алған сыңайлы.

Қайрат жары Жұлдызды елге таныстырғаны сол еді, Төреш той жасап, үйленгенін жария етті. Енді Ұлы дала баласы KN сияқты «ТТТ» брендімен киім шығармақшы, деп хабарлайды Stan.kz. 

Бұл туралы Төреғали өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Жуырда ТТТ Эксклюзив. ТТТ киімдері», – деп жазған Төреш әкесі Төреәлі Төлеповтің үстіндегі жаңа киімдерді де көрсетіп үлгерді.

Төреғали сүйінші сұрап, жеткізген хабарды желідегілер оңды қабылдамады. Олар Қайраттың әр ісін қайталайтын Төреғалиді сынға алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін