Код - "Шәй-кофе": караоке-притондар қалай жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Код - "Шәй-кофе": караоке-притондар қалай жұмыс істейді

Код - "Шәй-кофе": караоке-притондар қалай жұмыс істейді

 

  • 15 Қазан 2019
  • 21
Фото - Caravan.kz


Алматы полицейлері жеңгетайлық пен жезөкшелік қызметтерді ұсынатын жасырын караокені әшкереледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полицейлері қаладағы бизнесс-орталықтардың бірінде оныншы қабатта орналасқан караоке-притонды әшкереледі. Полицейлер "жұмыс орнында жүрген" 14 жеңіл жүрісті қызды және Оңтүстік Кореяның үш азаматын ұстады. "Бұл күмәнді орын "шәй-кофе" принціпімен жұмыс істейді, яғни клиент "шәй" таңдаса қыз оның жанында отырып, ән айтады, көңіл көтереді, қонақтың "ішін пыстырмайды". Ал егер "кофе" кодын таңдаса қыз бала клиентпен бірге бөлек жерге кететін болған. Негізгі қонақтар Оңтүстік Корея мен Қытай азаматтары. 14 қыздың үшеуі Өзбекстан азаматы, біреуі Ресей азаматшасы, ал қалғаны өз отандастарымыз. Сондай-ақ, мекеменің әкімшісі ұсталды. 1985 жылғы әйел бұрындары да жезөкшелікпен айналысуға қатысы бар болып, жауапкершілікке тартылған. Әзірге осы дерекке қатысты "Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ұсталған адамдардың барлығы аты-жөнін анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.
 

Соңғы жаңалықтар