КОФАС сақтандыру компаниясы мен ҚР экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы өзара әріптестік туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КОФАС сақтандыру компаниясы мен ҚР экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы өзара әріптестік туралы келісімге қол қойды

КОФАС сақтандыру компаниясы мен ҚР экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы өзара әріптестік туралы келісімге қол қойды

Дүниежүзіндегі ірі сақтандыру компанияларының біріне саналатын КОФАС пен ҚР экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы өзара әріптестік туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазақстанның экспорттық несиелері мен инвестицияларын сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Маусым 2004
  • 787
Фото - Caravan.kz

Келісімге Несиелік Альянстың жыл сайынғы конференциясы барысында қол қойылды. Бұл Альянсқа әлемнің 90 елінің несиелерді сақтандыру және несиелік ақпараттар жөніндегі компаниялары біріккен.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қол қойылған құжат әлемнің әртүрлі елінің 44 млн. компаниясы мен ұйымдарының несиелік ақпараттық базасына және Несиелік Альянсқа мүше елдердің сарапшылық әлеуетіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бас қосуға Қазақстан жағынан «Қазақстанның экспорттық несиелері мен инвестицияларын сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорациясы» АҚ басқармаларының төрағасы Әлихан Смайылов пен Қазақстан Республикасының Франциядағы елшілігінің өкілдері қатысты.
Ә.Смайыловтың айтуынша, халықаралық конференцияға қатысушылар экспорттық несиелерді сақтандыру тетіктерін қарқынды дамытуға күш салып жатқан Қазақстанның тәжірибесі мен корпорация жұмысын жоғары бағалады.
Қазіргі жағдаймен елімізде шикізат түріне жатпайтын отандық өнімдер экспортымен шұғылданатын 750 кәсіпорын бар. Олардың 146-сы корпорация қызметіне сұраныс білдірген. Жалпы алғанда, құны 22,7 млн. долларды құрайтын экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөнінде 24 өтініш келіп түскен. Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы өнімдер экспорты мен тікелей инвестиция түріндегі 20 млн. долларға бағаланған 20 жобаны сақтандыру туралы шешім қабылдады. Қазір 6,7 млн. доллардың 14 экспорттық және инвестициялық жобалары жүзеге асырылуда. 1,5 млн. долларға бағаланған 3 жобаны сақтандырудан бас тартылды.