Көкпекті ауылының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа баспанаға ие болады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкпекті ауылының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа баспанаға ие болады

Көкпекті ауылының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа баспанаға ие болады

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бүгін Қарағанды облысының Көкпекті ауылындағы судан зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру және құрылыс жүргізу барысын көріп қайтты.

  • 10 Шiлде 2014
  • 350
Фото - Caravan.kz

«Біз облыс әкімімен бірге азаматтардың үйлері қалпына келтіріп жатқан жерлерді аралап шықтық, жағдаймен танысып, қожайындармен және мердігерлермен сөйлестік. Бір жағынан әрине, құжаттарды келісуіміздің созылып кетуі алаңдатты. Бірақ қазір мәселе шешілді. 1 қыркүйекке қарай облыс тұрғын үй көтеру проблемасын шешеді деген сенімдемін», — деді В.Божко журналистерге.

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков кейбір үйлердің салынуы кестеден қалып жатқанын мәлімдеді.

«Екі апта кестеден қалып отыр. Белгіленген жоспардан сәл ауытқу қосалқы мердігердің кесірінен орын алды. Енді басқа қосалқы мердігер қабылданды, олар мерзімді қуып жетеді», дейді Н.Әбдібеков.

Әкімнің айтуынша, Көкпектіде 12 құрылыс компаниясы жұмыс істейді. 49 учаскедегі құрылыс-монтаждау жұмыстары 25 мамырда басталды. Барлық учаскелерде іргетас шұқыры қазылды, 47 үйде іргетас-блоктық бөліктері қойылды, 37-сінің қабырғалары құрастырылды, алты үйдің шатыры жабылды.


31 наурызға қараған түні Көкпекті су қоймасының плотинасы жарылып, бес адам қайтыс болды. Ауылдағы 810 үйдің 300-ден астамы су астында қалды. 49 үй апатты деп, 273 пәтер жөндеуді қажет етеді деп танылды.