Көкпектіде салынатын алғашқы үйлердің іргетасы қаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкпектіде салынатын алғашқы үйлердің іргетасы қаланды

Көкпектіде салынатын алғашқы үйлердің іргетасы қаланды

Қарағанды облысындағы тасқыннан зардап шеккен Көкпекті ауылында құрылыс қыза бастады. Қазір мұнда қираған баспаналардың орнына салынатын алғашқы үйлердің іргесі қаланып жатыр.

  • 27 Мамыр 2014
  • 208
Фото - Caravan.kz


Су тасығалы бері көкпектіліктерге жиі көрініп жүрген облыс әкімі де ақсақалдармен бірге қолына күрек ұстады. Қарқынды құрылысқа облыс бюджетінен 300 миллион теңгені қиып, қайырымдылық қорларына түскен 250 миллион теңгені телмірген жұртқа тең бөлемін деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жүр. Алған беттен жаңылмасақ қыркүйек келгенше 50 шаңырақтың түтінін түтетіп, түндігін жабамыз дейді. Бастаманың берекесі қашпас үшін, осы салаға әбден төселген жергілікті құрылыс компаниясын   таңдап алыпты.