Көкшетау техникалық институтының проректоры мас күйінде дәрігерлерге сес көрсеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетау техникалық институтының проректоры мас күйінде дәрігерлерге сес көрсеткен

Көкшетау техникалық институтының проректоры мас күйінде дәрігерлерге сес көрсеткен

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Көкшетау техникалық институтының басшылығы тағы да көпшіліктің көзіне түсті. Институт бастығының орынбасары Вадим Пранге мас күйде рөлге отырып, наркология диспансерінен бір-ақ шыққан.

  • 11 Шiлде 2014
  • 267
Фото - Caravan.kz

Түн ішінде өрт сөндіру қызметінің полковнигін жол сақшылары тоқтатыпты. Арақ ішкенін байқап, наркологиялық орталыққа жеткізген. Алайда Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты жалғыз жоғары оқу орны бастығының орынбасары анализ тапсырудан бас тартып, дәрігерлердің өзіне сес көрсеткен. Аталған салада талай жыл еңбек етіп, министр Божконың қолынан талай марапат алған Вадим Пранге сол түні институт түлектерімен бірге тойда болыпты. Енді әкімшілік соттан кейін ол көлік жүргізу құқынан айырылуы мүмкін.


Данияр Смайылов, Ақмола облыстық наркологиялық оңалту орталығының дәрігері:

-Беті қызарып, көздері қызарып тұрды. Алкогольдің исі шығып тұрды. Содан кейін сағат 3-50 де, қайта келді өзі жалғыз. Бас дәрігер атына өтініш жазып қайтадан тексердік. Алкометр, қан, зәр алдық. Арақ ішкені анықталды.