Көкшетау тұрғындары орталық көшені жауып, әкімнің келуін талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетау тұрғындары  орталық көшені жауып, әкімнің келуін талап етті

Көкшетау тұрғындары орталық көшені жауып, әкімнің келуін талап етті

Көкшетауда көпқабатты 16 үйдің тұрғыны батпақты белден  кешіп жүр! 30 жылдан аса жөндеу көрмеген жолдар мен талқаны шыққан аулаларда жүріп-тұру қияметке айналған. Бүгін сол үйлердің тұрғындары орталық көшелерді жылда жөндеп, шет жақты ескермейтін әкімдердің назарын аудару үшін жол жауып, шу көтерді.

  • 9 Шiлде 2014
  • 281
Фото - Caravan.kz

Қалада тұрса да, белуардан балшық кешіп жүрген 16 үйдің тұрғындары бүгін жаппай көтеріліп, билікке базынасын айтты. Наразылыққа тіпті бала-шағаны да ерте шыққан. Өйткені, күні бүгінге дейін талай мекеменің табалдырығын тоздырғанымен, құлақ асқан ешкім жоқ.

Қуаныш Мағзұмов, Көкшетау қаласының тұрғыны:

Қала әкіміне дейін бардым, пысқырған жоқ. КСК-ға бере салған. 21-ші ғасырда тұрамыз ғой, не деген масқара! КСК-дағылар креслодан құйрықтарын көтергісі келмейді. Не керегі бар ондайлардың.

Көктемгі батпақ енді кебе бастағанда, жазғы жаңбыр ауланы қайта шалшыққа айналдырған. Оның үстіне орталық көшелер жөндеуге жабылып, көліктер осы ауладан өте бастапты. Шұңқырға жиналған шалшықты көліктерімен шашып өтетін жүргізушілер сіркесі су көтермей жүрген жұрттың одан әрмен ашуын туғызды.  Жұртты боқтап, соғып өткен жігіттің әрекетіне ашуланғандар ақыры полиция шақырды.

Зия Хамзин,Көкшетау қаласының тұрғыны:


-Балалар батып өлуге де болады. Түсіп кетсе, бірін бірі қуып келе жатқанда. Өз ақшама жасаттым немерем үшін. Тасып жатқан ақшам жоқ қой. Біз береміз ақша, бірақ тазаламайды былық. Шошқа таза бізден.  

Әкім қараларға өкпелі тұрғындар мыңдаған адам өмір сүріп жатқан ықшамаудандағы ауланы түгел аралап көрсетіп жүр. Балалар ойнайтын жерді де су басып қалған. Олар осы жағдайды қаланың жаңа басшысына да көрсетіп, көмек сұрамақ болғанымен, әкімнің орнына атқосшысы келді. 

Әкім келсін. Әкім келсін.

Қалалық коммуналдық қызмет басшысының жауабы әдеттегідей. Жолды жөндеп, жағдайды жасаймыз деп уәдені үйіп-төгіп кетті.

— Шұңқырларды қиыршық таспен көметін боламыз. Сосын жолға асфальт төсейміз.

Бірақ тұрғындарға бұған дейін де талай уәде берілген. Коммуналдық қызмет басшысының кезекті сөзіне сене қоймаса да, жұрт тағы да әліптің артын күтетін болып тарқасты.