Көкшетау жүргізушілері жеңіс күніне ерекше тарту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетау  жүргізушілері жеңіс күніне ерекше тарту жасады

Көкшетау жүргізушілері жеңіс күніне ерекше тарту жасады

Жеңістің 70 жылдығын ұлықтауға көкшетаулық жүргізушілер де үлес қосты. Олар орталық алаңда автокөліктерден жеңіс символы саналатын бес жұлдыз бейнесін жасап, 70 жыл деген сөзді құрастырды.

  • 8 Мамыр 2015
  • 273
Фото - Caravan.kz

Жүргізушілер қауымдастығы бұған бірнеше күн бойы дайындалған. Әр саладан жиналған 36 әуесқой автокөлік иесі орталық алаңда алдымен «70 жыл» деп жазды. Кейін бес жұлдыздың бейнесінде сап түзеді. Қанша машықтанғанмен көпшілік жүретін Тәуелсіздік алаңда бес жұлдыз бейнесін жасау оңай емес. Дегенмен, жүргізушілер қойған мақсаттарына жетті.

Бауыржан  Қаппасов, Көкшетау қалалық Жүргізушілер қауымдастығының мүшесі:

-Әр жылдар сайын арамыздан қан майданнан келген жандар азайып бара жатыр. Жеңістің символы ретінде автокөліктерден жұлдыз бейнесін жасадық!