Көкшетауда 4 миллион теңгені қолды қылған күдіктілер құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда 4 миллион теңгені қолды қылған күдіктілер құрықталды

Көкшетауда 4 миллион теңгені қолды қылған күдіктілер құрықталды

Көкшетауда 4 миллион теңгені қолды қылған күдіктілер құрықталды.

  • 7 Сәуiр 2015
  • 204
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша наурыздың 30-ы күні Көкшетаудағы жекеменшік фирманың кеңсесі тоналған. Күдіктілер кеңсеге терезедегі темір торды бұзып кіріп, 4 миллион теңгені қолды қылған.

Тергеу барысында белгілі болғандай сол күні таңғы сағат 09:00-де жұмысқа шыққан аталған кеңсенің күзетшісі түске қарай қызметін тастап, таныс әйелінің үйіне тайып тұрған. Танысының үйінде қонақта болған ол екеуі қосылып ішімдік ішіп, кейін сонда ұйықтап қалған. Таңертең жұмысына барып, кезекшілікті әріптесіне тапсырмай үйіне кетіп қалады.

Ал, ауысымға шыққан оның әріптесі кеңсенің бейнебақылау камерасы, дабылқаққышының  қосылмағанын және кассир отыратын бөлменің терезесі мен онда сейфтің бұзылғанын байқап, бірден қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне хабарласқан.

Жедел-іздестіру шарасы барысында Көкшетау қалалық ІІБ полиция полковнигі Талғат Асылбековтың жетекшілігімен криминалдық полиция қызметкерлері Самат Айтпаев, Самат Сабыров және Айдар Қаппаров қылмыстың бетін ізін суытпай ашып, күдіктілерді ұстады.


Күдіктілер еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болған жас жігіттер екені анықталды. Олар ұрланған қаржыға автокөлік, қос бірдей мотоцикл сатып алып, қалған бөлігін жұмсап та үлгерген.

Қазіргі кезде күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.