Қайғылы жағдай облыс орталығындағы Наурызбай батыр көшесінің бойындағы жекеменшік үйлердің бірінде таңғы сағат 11:40 минут шамасында орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 20 адам және 4 өрт сөндіру техникасы тартылды.
Оқиға орнынан 1949 жылғы ер адамның денесі табылды.