Көкшетауда ауладағы жанжалды шешуге облыс әкімі Сергей Кулагиннің өзі келді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда  ауладағы жанжалды шешуге  облыс әкімі Сергей Кулагиннің өзі келді

Көкшетауда ауладағы жанжалды шешуге облыс әкімі Сергей Кулагиннің өзі келді

Ауланы жөндемек болып,  футбол алаңын сүріп тастаған.  Көкшетауда  тұрғындар осындай әрекетке барған құрылысшыларға қарсы шықты.  Мердігерлер көлік тұрағын салмақ болып, 5 үйге ортақ ауланың астан-кестеңін шығарған. Ал мердігер компанияның айтуынша,  бұған дейін жоспарланған футбол кортының жобасын әкімдіктегілердің өзі  сызып тастаған көрінеді.  Енді тұрғындар балаларға ауадай қажет алаңды сол күйі қалдырсын, ал құрылысшыларды аулаға қайтып жолатпаймыз деп ашуға булығып отыр. 

  • 5 Қыркүйек 2014
  • 466
Фото - Caravan.kz

Тұрғындар бұл аулаларды күрделі жөндеуден өткізуге әрең дегенде қол жеткізген. Маңай тегістеліп, жаңа асфальт төселе басталғанын көріп қатты қуанған. Ауладағы футбол алаңын сүріп тастап,  тас төгіп жатқанын көріп, оны жаңартатын шығар деп ойлаған екен. Бірақ 20 жыл бойы балалардың ойын алаңы болған жер көлік тұрағына айналатынын естіген ел өре түрегелді.

Берікқазы Мәсәлімов, Көкшетау қаласының тұрғыны:

— Балалардың футбол ойнайтын алаңын алып қоюға ешкімнің құқы жоқ. Әкімдерде бала жоқ па? Балалар енді қайда барып доп тебеді?Тұрақтың түкке де керегі жоқ. Істеткізбейміз біз.

Шынында да алғашқыда футбол алаңы жобада болған. Неге екені белгісіз кейін өзгерту енгізіліп, асфальт төсей салу керек деп шешіпті. Осыны естіген жұрт мұндай шешімге үзілді-кесілді қарсы шықты. Ал құрылыс компаниясындағылар «бізден кінә жоқ» дейді.      

Николай Кулеевич,«Көкшеавтодор» құрылыс компаниясының учаске бастығы:

-Біз орындаушы ғанамыз. Иә, футбол алаңы алғашқыда жоспарланған. Жобада болған. Бірақ, әкімдік сызып тастады. Біздің қандай кінәміз бар?

Көпқабатты 5 үйге ортақ ауланы айнала көлік қоятын орындар жасалыпты. Сондықтан тұрғындардың өздері енді машинаға орын жеткілікті дейді. Бірақ дәл ортадағы футбол алаңын не үшін алып тастағанын олар түсіне алмай жүр. Бұған балалар да қарсы.

—  Әкім ағай футбол алаңын қалдырыңызшы…

Балақандардың жалынышты даусы құлағына жетті ме, осы кезде анадайдан қала басшыларын ерткен облыс әкімі Сергей Кулагин көрінді.

Если вы будете диктовать мне условие..

-Нет просим..

-Не ради бога это сделать. Не ради бога. Я вам сказал не надо меня тоже испытывать.

Десе де, облыс әкімі тұрғындар өтінішін жерге тастамады. Футбол алаңын қалдырамын деп уәде берді. Жұрт қуанып қалды.