Көкшетауда аяғы кесілген науқас операциядан кейін атылып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда аяғы кесілген науқас  операциядан кейін атылып өлді

Көкшетауда аяғы кесілген науқас операциядан кейін атылып өлді

Көкшетауда аяғы кесілген азамат, операциядан кейін атылып өлді. Владимир Пистунович былтыр облыстық аурухана хирургіне қомақты қаржы төлеп емделген екен. Сол операциядан оңалмай 12 рет пышаққа түсіп, ақыры аяғынан айрылады. Жігіт ағасы осы ауырпалықты көтере алмаса керек, ақыры өзіне қол жұмсаған.

  • 29 Наурыз 2014
  • 397
Фото - Caravan.kz

— Мен жүре алмай қалдым. Ақшаны не үшін алдың менен сонда?

— Ауру қылған менмін ба?Қанымды іштің ғой, ақшаңды қайтарып беремін.Ертең кел. Ал қазір қараңды батыр.

Бұл таспаны марқұмның әйелі түсіріп алған. Владимир аяғына операция жасату үшін хирург Александр Дьячковқа берген 400 мың теңгесін қайтарып алмақ болғанда осындай ауыр сөздер естіген. Бірақ, марқұм дәрігердің кінәсын сол күйі дәлелдей алмады. Ал кейін Ресейде де жалғастырған емінен қайыр болмай, ақыры аяғын кестірген болатын. Аңшылықпен кәсіби түрде айналысқан азамат мылтығын соңғы рет өзіне кезеніп, өлер алдында хат та жазып қалдырыпты. Онда Владимир бәріне хирург Александр Дьячковты кінәлаған.


Андрей Пистунович, марқұмның ұлы:

-Өлер алдында жазған әкемнің хаты қазір полицияда. Бұл жағдайды дұрыстап тексереді деп сенемін. Мен ондай дәрігердің ауруханаға жолатпау керек деп есептеймін. Соттау керек оны, отырсын түрмеде. Басқаларды өлтірмесін.