Жарияланды: 680

Көкшетауда газ баллоны жарылып, тұрғындар зардап шекті – фото

Көкшетауда газ баллоны жарылып, тұрғындар зардап шекті – фото

Көкшетау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды.Екі әйел жарақатен ауруханаға жеткізілді, үш пәтерге зақым келген. Ондаған пәтерде бір апта бойы орталық газ болмаған. Тұрғындар газ жоқ кезде баллонды пайдаланған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sutnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Екі әйел жарақатен ауруханаға жеткізілді, үш пәтерге зақым келген.

Төтенше жағдай Көктем шағын ауданында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, пәтер иелері орталық газ болмаған кезде баллонды пайдаланған. Ал орталық газды қосқанда жарылыс болған.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті болған жағдайды растады.


"12 қазанда сағат 19.05-те Көктем шағын ауданы, 5А мекенжайы бойынша 25-пәтерде газ жарылды. Соның салдарынан 24-ші және 14-ші пәтерге зақым келді. Төтенше жағдай кезінде екі әйелді күйік шалды. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді", - дейді құтқарушылар.

Өрт сөндірушілер газ баллонының неден жарылғанын анықтауға кірісті.

Айта кетері, Көкшетауда ондаған пәтерде бір апта бойы орталық газ болмаған. Оларға "Газ Қызмет" қызмет көрсетеді. 12 қазанда компаниясы газ реттеу қондырғыларын сұйылтылған газбен толтыра бастады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін