Көкшетауда «КамАЗ» көлігі 2 әйелді басып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда «КамАЗ» көлігі 2 әйелді басып кетті

Көкшетауда «КамАЗ» көлігі 2 әйелді басып кетті

Көкшетауда 2 әйел жүк автокөлігінің астына түсіп, опат болды.  Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қараша 2015
  • 376
Фото - Caravan.kz


Полицейлердің мәліметі бойынша, келеңсіз жағдай бүгін 17 қараша күні сағат 11:00 минут шамасында Көкшетау қаласында Ысмайылов көшесінің бойында орын алған.

«Артқа жүрмек болған «КамАЗ» көлігінің астына 2 әйел түсіп,  оқиға орнында көз жұмды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда опат болған әйелдер мас болған көрінеді. Қазіргі кезде, жүк көлігінің 1963 жылғы жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүргізілуде», — деп көрсетілген хабарламада.