Көкшетауда нөсер жаңбыр жүздеген отбасының берекесін қашырды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда  нөсер  жаңбыр жүздеген отбасының берекесін қашырды

Көкшетауда нөсер жаңбыр жүздеген отбасының берекесін қашырды

Жөндеу көрсе де, жөнге келмей қойды. Көкшетаудағы жаңарту бағдарламасына іліккен көпқабатты үйлердің тұрғындары түнді ұйқысыз өткізді. Бұған кешеден бері төпелеп жауған жаңбыр себеп. Олар төбеден саулап аққан судан дүние мүліктерін қорғап, таң атқанша тыным таппапты.

  • 2 Шiлде 2014
  • 344
Фото - Caravan.kz

Бас мердігер – «Көкше МЖД» серіктестігі бұл үйді тамыздың 15-іне дейін күрделі жөндеуден өткізіп бітіруі тиіс еді. Бірақ қазір жұмыс тоқтап тұр. Компания басшылары неге бұлай болғанын түсіндіріп айтудан бас тартты. Енді тұрғындар мынадай қиындыққа ұшырап отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген үйдің жоғары қабатында тұратындар да зардап шегуде. Көктемдегі қатты дауыл оның шатырын ұшырып әкеткен. Жергілікті билік содан бері ешқандай шара қолданбапты.   


— Үйлеріміз су болып жатыр. Балкон, подьезд барлығы. Сөзбен айтып шығарып салады. Тойдым мен. Бүкілінің алдынан өттім.