Көкшетауда он шақты үйді су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда он шақты үйді су басты

Көкшетауда он шақты үйді су басты

Көкшетауда еріген қар суының салдарынан онға жуық жекеменшік тұрғын үй суда қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  • 28 Наурыз 2017
  • 251
Фото - Caravan.kz

Соңғы екі тәулік бойы Көкшетауда ауа температурасы нөлден жоғары болды. Осының салдарынан қар күрт еріп, қала көшелері мен үй аулаларын су басып қалды. Бүгін таңертең еріген қар суы Уәлиханов және Кеңесары көшелерінің қиылысындағы он шақты үйді шайып кетті. «Таңертең сағат 12:00-лер шамасында аулаға жиналған су үйге кіре бастады. Коммуналдық қызметтерге хабарлап көмек сұрадық. Олар жеткенше шалшық су үйдің ішін шайып кетті. Тұрмыстық жиһаз, төсек орын барлығы суда қалды», дейді қала тұрғыны Ботагөз Дөсетова. Қазіргі кезде, «Көкше жардем» коммуналдық қызметінің жұмысшылары аталған учаскеде су сору жұмыстарымен айналысып жатыр.


 

Соңғы жаңалықтар