Көкшетауда өз баласын сатқан әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда өз баласын сатқан әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Көкшетауда өз баласын сатқан әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Сейсенбі күні Ақмола облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соты Көкшетау қаласының тұрғынын бес жылға соттады.

  • 27 Мамыр 2014
  • 328
Фото - Caravan.kz


Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 жастағы келіншек баласын сатқаны үшін айыпталып отыр.

Ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді.

Іс материалдарына сүйенсек, 2013 жылдың желтоқсан айында жас келіншек интернет арқылы ішінде тоғыз айлық баласын сатып алатын адам іздей бастаған. Полицейлер оны биылғы қаңтар айының соңында шаранасын 200 мың теңгеге сату үстінде қолға түсірді.