Көкшетауда өзін өртеген жігітті құтқарудың орнына куәгерлер телефонға түсіріп тұрған
Көкшетауда 20 жастағы жігіт үстіне жанармай құйып, өзін өртеп жіберді. Мұндай сұмдыққа ол азаматтық некеде тұрып жатқан әйелімен жанжалдасып қалған соң барыпты. Қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. |
Дмитрий Ванюковтың денесінің 90 пайыздан астамын күйік шалған. Халі ауыр. Ес-түссіз күйде жатқан жас жігіттің тірі қалар-қалмасы белгісіз. Ол өз үйіндегі жуынатын бөлмеде үстіне жанармай құйып, екі оттықты қатар жаққан кезде бірден өрт лап еткен. Отқа оранған баласын әкесі жанталасып сөндіруге әрекеттенгенімен, кранда су болмапты. Сөйтіп, қарға аунатамын деп бірінші қабаттағы пәтерінен далаға сүйрей жөнелген. Бірақ үстіндегі киімінен түк қалмады дейді оқиға куәгерлер.
Александр Горлачев, оқиға куәгері:
-Есік алдында тұрғанмын. Әкесі баласын есік алдына сүйреп алып шықты. Осы кезде үйде су да тоқтап қалып еді. Қасымызда әскерилер, төтенше жағдай қызметкерлері әңгімелесіп тұрды.Көмекке келудің орнына ұялы телефондарына түсірумен әуре болды ғой.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін