Көкшетауда полиция қызметкері із-түссіз жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда полиция қызметкері із-түссіз жоғалып кетті

Көкшетауда полиция қызметкері із-түссіз жоғалып кетті

Ақмола облысында полицейлер Көкшетау қалалық полиция басқармасының қызметкері 27 жастағы Дархан Еламановты іздеп жатыр. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 27 Желтоқсан 2016
  • 666
Фото - Caravan.kz

“Бойы 170-175 см, шашы – қысқа қоңыр түсті. Сыртынан қыстық киім киген”, – деп жазылған хабарламада.

25 желтоқсан күні ол кешкі сағат 20:00-21:00 аралығында жұмыстан үйіне қарай қайтқан. Оны іздестіруге Ақмола облыстық ІІД жеке құрамы жұмылдырылды.


20161227095557

Еламановтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, мына нөмірлерге хабарласа алады: “102” немесе 8-716-2-29-96-00, 8-716-2-25-78-05.