Қас қарая бейімдеу орталығына асығатын қаңғыбастардың арасында мүгедектер де жетерлік. Бірақ жуынып-шайынып, ұйықны қандырған соң әдеттеріне қайта басып, беттері ауған жаққа кетеді.
Есенгелді Ысмайылов:
-6 жыл болды,документ істей алмай жүрмін. Мен қаңғырып жүргем жоқпын, осында келдім. Үйім менде қазір жоқ.Мен әйеліммен жас кезімде айрылысып кеткем. Балам 1 балам.-қарамайт?-Мен көмек жасағам жоқ қой. Көмек жасамаған соң.
Қаңғыбастардың арасында әйелдер де көп. Күн суытып, аяз қысқан сайын жан сақтайтын орын іздеп олар да осында жүр. Бірақ камерадан жүздерін жасырды. Қаңғыбастардың кейбірі қыс басталмай жатып аяқ-қолын үсітсе, енді бірі жылу құбырларында ұйықтаймын деп күйіп қалған.
Ғалымжан Әбдірахманов:
—Трубада ұйықтадым. Күн суытты. Пісіп қалдым. Қатты ұйықтап қалып,өзім кішкене бойымда бар да. Суық болған соң 100 грамм ішкем. Жүре алмаймын. Пенсияға міне, 5 ай қалды, Алла жазса. Пенсияға шығам кетем Меккеге жаяу арманым сол. Жолда қайтыс болсам, қайтыс болам.
Соңғы кезде мұнда жастар да көбейген. Оларды күтіп алып, түнетіп шығару қиындап барады дейді орталық қызметкерлері.
Ақылбек Бекмағанбетов, түнгі бөлімшенің меңгерушісі:
—Біздің фельдшерлер бар, күзет ең қиыншылық, ауыртпашылық сол кісілерге түседі. Өйткені ішіп келетіндер бар. Ауа райына байланысты далаға жібере алмаймыз. Түнде де кетеміз дейді, мінездерін көрсетеді.
Орталыққа келіп мінездерін көрсетіп, жылы орында шалжиып жататын қаңғыбастар үшін қала бюджеті қыруар қаражат жұмсайды екен. Өткен жылы орталыққа 45 миллион теңге бөлінген. Биыл да дағдарысқа қармастан, осы сома сақталып қалған.