Жыл аяғында Ақмола облысының орталығында №1 «Арман» «мектап бақша» кешені ашылады. Бұл нысанның құрылысына облыстық бюджеттен 270 миллионнан астам теңге бөлінген болатын.
Облыстық білім департаментінің хабарлауынша, кешеннің ғимараты 320 орынға арналған, және де барлық заманауи талаптарға сай. Бұл жерде 16 топ ашылады, оның екеуі санаториялық және екеуі логопедикалық болады. Білім департаментінің директоры Қазы Құсанов, «Мектеп бақшада бассейн, психологтың кабинеті, ағылшын тілінің кабинеті, медицина кабинеті, қысқы бақша, кітапхана және музыка залы жұмыс істейтін болады»,- деп атап көрсетті.
Облыс орталығында мектепке дейінгі 11 мекеме мен мектепке дейінгі 1 шағын орталық жұмыс істейді, оған 3245 бала барады. Сөйтіп, мектепке жасына дейін тәрбиелеу 51,1 пайызды құрайды.
2007 жылы Ақмола облысында 1035 орынды 6 бала бақша ашылған. Сонымен қатар, Жарқайың ауданының Державинск қаласында 120 орынды бала бақша құрылысы аяқталып келеді.
2008 жылы Бұланды, Ерейментау, Жарқайың, Щучинск аудандарында жалпы 560 орынға арналған мектепке дейінгі тағы бес ұйым ашу жоспарлануда. Оларды салуға жергілікті бюджеттен 106 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті