Жарияланды: 180

Көкшетауда судьяның өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

Көкшетауда судьяның өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

Ақмола облыстық соты қылмыстық істер бойынша коллегия төрайымы Жанна Бердығұлованың өлімі туралы іс сотқа келіп түсті.

Облыстық прокуратура мәліметінше, қылмыстық іс Ақмола облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген.

"Кісі өлтіруден бөлек, сотталушыға жәбірленушінің жеке мүлкі мен қызметтік куәлігін ұрлады деген айып тағылған. Айта кеткеніміз жөн, қылмыскердің әрекетінде аса қауіпті қылмыстың қайталануы байқалады, себебі ол бұрын да ауыр қылмыс үшін сотталған", — делінген хабарламада. 

Қадағалау ведомствосы атап өткендей, істің соңғы нүктесін сот қояды.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін