Көкшетауда суши жеген 17 студент уланып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда суши жеген 17 студент уланып қалды

Көкшетауда суши жеген 17 студент уланып қалды

Көкшетау қаласындағы дәмханадан кешкі ас ішкен 17 адам уланып қалды.

  • 30 Наурыз 2023
  • 31
Фото - Caravan.kz

Олардың бәрі студент болған. Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, жастар сушиден уланып қалған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Осыған байланысты Ақмола облысының санитарлық дәрігерлері жапон тағамдарын сатып алуда абай болуға шақырады.

Кешкі ас ішіп, уланған студенттердің бәрінде жүрек айну, құсу, диарея және дене қызуы болған. Осыдан кейін Санитарлық қызмет дәмханаға жоспардан тыс тексеру жүргізіп, аурудың таралуына санитарлық ережелердің өрескел бұзылғанын анықтады.


Соңғы жаңалықтар