— У нас ничего не подписано, мы ничего не подписовали. Сам прокурор города сказал что у вас мертовые души, у нас нету наших подписей..
Күрделі жөндеуге жұмсалған қаржыны қайтаратын уақыт келгенде жұрт осылай шу шығарып жатыр. Айтуларынша, алғашында келісілген баға аяқасты өзгеріп шыға келіпті. Мысалы, 1 көпқабатты үйге 29 миллион емес, 37 миллион теңге төлеуі тиіс. 4 айдан бері құзырлы орындарды жағалап, қымбатшылық себебін түсіне алмаған тұрғындар енді қарызды қайтарудан мүлдем бас тартып отыр.
Серік Қасымов, Көкшетау қаласының тұрғыны:
— Келісім-шарт, ештеңе жоқ, мынандай проблема! 7 жылға есептеген кезде сонымен есептеген. Неге 2-3 айдың ішінде оның материалдары, жұмыстары неге олар өзгереді?
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда тапсырыс беруші де, жөндеу жұмысын қадағалап отыратын да тұрғындардың өздері болуы тиіс-тұғын. Бірақ бәрі жұрт ойлағандай болмай шықты.
Вадлен Погребицкий, Көкшетау қаласының тұрғыны:
— Қабырғалардың арасындағы жігін сөгіп, көбікпен толтырмақ болды. Қарсы шықтық. Полиция шақыртып, мемлекеттік бағдарламаға кедергі келтіріп жатыр деп кінәлады бізді. Енді міне, не болды, ақыры?
Көпшіліктің қолындағы түбіртекте төлем тарифі әртүрлі. Келісім-шартты көзіміз көрген жоқ дейді жұрт. Оның үстіне жаңа шатыр алғашқы жауында-ақ сыр беріп, жоғарғы қабаттағы пәтерлердің төбесінен су сорғалаған. Ал қарыздың аяқасты қымбаттауын шенеуніктер өздерінше түсіндірмек болды.
Дамир Досхожин, «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары:
— Сол 29 миллионға кіре-берісінің жұмыстары болған, кірген жоқ ол сметаға. Оның үстіне үйдің тұрғындары қосты сметаға. Техникалық надзор, өзі смета, мемлекеттік сараптама қымбаттап кетті. Осы сомаға пайыздық үлес қосады. Смета жалпы қымбаттады.
Смета қымбаттады деп отырған шенеунік тұрғындарға келісім-шарт үлестірілмегенін де жасырған жоқ. Қазір Көкшетаудың тұрғын үй модернизациясын қаржы полициясы тексеріп жатыр. Бұл бағдарламаға 40 көпқабатты үй іліккен екен. Ал шарасыз халық қарызын түбі қайтаруы тиіс.