Көкшетауда Ұлттық банктің бұрынғы қызметкері сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда Ұлттық банктің бұрынғы қызметкері сотталды

Көкшетауда Ұлттық банктің бұрынғы қызметкері сотталды

Көкшетауда 45 адамды сан соқтырған Ұлттық банктің бұрынғы қызметкері сотталды. Аягүл Қасымова оларға жеңіл бағдарлама бойынша несие алып беремін деп, жұрттың 42 млн теңгесін қалтасына басқан. 

  • 25 Қараша 2015
  • 141
Фото - Caravan.kz

Кейбірі қарызданып-қауғаланып тапқан ақшасын алаяқ әйелдің қолына ұстата салыпты. Өйткені несиеге алатын пәтерді де апарып көрсетіп, өзінің отбасымен таныстырып, адамдардың сеніміне кірген. Бірақ уақыт өте келе үй де жоқ, ақша да қайтарылмаған соң олар алданғандарын түсінді. Ақшасын беріп, баспана ала алмай қалғандардың арасында Аягүл Қасымоваға 6 миллион теңгесін санап бергендер де бар. Сот Ұлттық банктің бұрынғы қызметкерінің осы әрекеті үшін 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Және жеке мүлкі тәркіленеді. Ал шағымданушылар бұл шешімге риза емес.

Дина Салтанат, шағымданушы:

-Келіспейміз аз әрине. Ары қарай барамыз.  Әпкелерінің арқасында жеңіл жаза алып отыр. Әрине, біреуі Бас прокуратурада , екіншісі экономикалық соттың судьясы.