Көкшетауда жанар-жағар май стансасына қарақшылық шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда жанар-жағар май стансасына қарақшылық шабуыл жасалды

Көкшетауда жанар-жағар май стансасына қарақшылық шабуыл жасалды

Бүгін таңертең Көкшетауда жанар-жағар май стансасына қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен мәлім етті.

  • 17 Маусым 2014
  • 462
Фото - Caravan.kz

Оқиға таңғы сағат  04:10 шамасында орын алған. Бетін тұмшалаған үш белгісіз азамат қала шетіндегі «Эталлон Авто» жанар-жағар май стансасына баса-көктеп кіріп, күзетшіні соққыға жығып, травматикалык қарудан оқ атқан және кассадагы 1 миллион теңге ақшаны қолды қылып кетті.

Абырай болғанда, оқ күзетшінің белінің оң жақ тұсына тиген, медициналық көмекті қажет етпеді. Қазіргі кезде, ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер іздестірілуде.