Көкшетаудағы сауда үйлерінің бірінде жас жігіт өзіне-өзі қол жұмсап қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетаудағы сауда үйлерінің бірінде жас жігіт өзіне-өзі қол жұмсап қайтыс болды

Көкшетаудағы сауда үйлерінің бірінде жас жігіт өзіне-өзі қол жұмсап қайтыс болды

Көкшетаудағы сауда үйлерінің бірінде 19 жастағы жігіт өзіне-өзі қол жүмсап қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

  • 11 Сәуiр 2021
  • 51
Фото - Caravan.kz

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем фельдшері қоңырау шалып, сауда үйінде белгісіз ер адамның жедел жәрдем келіп жеткенше қайтыс болып кеткенін хабарлаған.

«Келіп түскен хабардама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына барды. Оқиғаны тексеру барысында көз жұмған ер адамның жеке тұлғасы анықталды. Ол Көкшетау қаласының 19 жастағы тұрғыны болып шықты», — делінген ведомство хабарламасында.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жас жігіт үшінші қабаттың баспалдақ жақтауынан бірінші қабатқа секіріп суицид жасаған.


Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр

Соңғы жаңалықтар