Жарияланды: 70

Көкшетаулық жігіт әкесінің қол-аяғын байлап, қарға іш киіммен тастап кеткен

Көкшетаулық жігіт әкесінің қол-аяғын байлап, қарға іш киіммен тастап кеткен

Өткен жылдың қазанында отағасы болып келіп, үйде жанжал шығарған.

Көкшетау тұрғынын туған ұлы орманға апарып тастаған, ол үсіп өлді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеудің мәліметінше, Көкшетау тұрғыны 16 жыл бойы ішімдік ішіп, отбасы мүшелерін, оның ішінде ұлын ұрып-соғуды әдетке айналдырған.

2018 жылдың 31 қазанында отағасы үйде тағы да жанжал шығарған. Қызы қорқып кетіп, бауырына қоңырау шалады, ол келген соң әкесін еденге жатқызып, байлап, автокөліктің жүксалғышына салады. Жігіт мас әкесін орманға әкеліп, аяқ-қолын шешпей, бір іш киіммен қарға тастап кеткен.

Осы маңнан өтіп бара жатқан жүргізуші ер адамды байқап қалып, жедел жәрдем мен полиция шақырған.

Қала тұрғыны ауруханада ағзаға салқын тиюден қайтыс болды.

Кейінірек марқұмның ұлы ұсталып, тергеу барысында ол прокуратурамен кінәсін мойындау туралы процессуалды келісім жасады.

Көкшетау қалалық соты 23 жастағы жігітті адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, қауіпті жағдайда қалдырып, абайсызда өлтіріп алғаны үшін кінәлі деп тапты.

Айыпталушы бес жыл және үш айға сотталды, жазасын орта қауіпсіздіктегі мекемеде өтейді.

Марқұмның туыстары моралдық өтемақы туралы талап арыз түсірген жоқ.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін